21.11.2016, 16:21
Оқылды: 25

Жамбы атудан жарыс өтті

%d0%b6%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d1%8b-%d0%b0%d1%82%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b  Жәнібек ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Дені сау ұлт, Саламатты Қазақстан» атты мекемелер арасында спартакиада өтіп жатырғаны баршаға мәлім. Ауданымызда бір жылға жуық 25 спорт түрінен оздырылған сайыс мылтық және жамбы атудан өз мәресіне жетті.


  Мұнда мылтық атудан жалпыкомандалық жүлделі орындарды «Олимп», «Тұлпар» және «Батыс» командалары иеленді. Құралайды көзге атқан мергендер арасында Қуаныш Хасенов бірінші, Мирболат Теміров екінші, Ахмедияр Батырханов үшінші орындарды өзара бөлісті. Ал әйелдер арасында Бейнегүл Есмурзина, Арухан Айтқалиева, Ұлжан Мұқаеваларға тең келер ешкім болмады.

  Аталмыш спартакиада шеңберінде жамбы атудан жарыс өтті. Ат үстінде шауып келе жатып садақ тартудан жалпыкомандалық алғашқы үш орынды «Тұлпар», «Намыс» және «Олимп» командалары өз қанжығаларына байлады. Осы спорт түрінен ерлер арасындағы жекелей біріншілікте Руслан Ахмулдин, Айдос Нұрбаев, Рафхат Айтқалиевтер алдарына жан салмады.

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале