13.10.2016, 9:19
Оқылды: 15

Жанашыр жастар

img_0232«Нұр Отан» партиясының  «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Нұртай Зайнуллин, жастармен жұмыс жөнінде ресурстық орталықтың кеңесшісі Мөлдір Әбдрешова, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұрәлиев және бір топ белсенді жастардың ұйытқы болуымен Жәнібек ауылының тұрғыны, бірінші топ мүгедегі, жалғызбасты Темірлан Балмағамбетовтың үйіне арнайы барып, мекенжайының ішкі-сыртқы жұмыстарына қолғабыс жасады. Олар республикалық «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жанның ауласын тазалап, шөп-шаламнан арылтты, құлап, жарамсыз болған шарбағын отын ретінде жарып сарайға жинады.

64 жастағы бірінші топ мүгедегі Темірлан Ермекұлы тың серпінмен гитара тартып, бос уақытында ән салғанды ұнатады. Аудандағы белсенді жастардың өзіне көрсеткен көмегіне Темірлан аға ризашылығын білдірді.

Меңдібек Сырымов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале