9.09.2016, 12:17
Оқылды: 33

Жарайсың, Индира!

«Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын» демекші, ұлтымыздың салт-дәстүрін ұлықтаушысы қазақ келіндерінің қоғамда орны зор.


 

Осы орайда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын келіндер байқауының ұрпаққа берер ұлағаты мол. Баршаңызға белгілі, Переметный ауылының тұрғыны Индира Бұйрашева келіндер сайысының аудандық кезеңінен бас жүлдені жеңіп алған болатын. Сөйтіп, Орал қаласында өтетін «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» атты сайысқа жолданды.

Төрт бөлімнен құралған облыстық бұл шараға ибалы, ізетті, сәлемі түзу, тамағының дәмі тіл үйіретін, он саусағынан өнер тамған 12 ауданнан келген келіндер қатысты.

Осылайша, қазақ келінінің парасаты, ақылы сынға түскен байқау да өз мәресіне жетті. Сайып келгенде, біздің жерлесіміз, Қ.Аманжолов мектебінің ұстазы Индира Бұйрашева жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай 30 мың теңге сыйлыққа ие болып, алғыс хатпен марапатталды.

«Ауыл тынысы»

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале