27.10.2016, 10:54
Оқылды: 17

Жарыстан жеңіспен қайтты

           Башқұртстан Республикасының Кумертау қаласында каратэдан  ашық біріншілігі болып өтті.


Жарысқа Орынбор, Уфа, Мелеуз, Стерлитамак, Кумертау қалалары және Бөрлі ауданының Ақсай қаласының командаларының спортшылары қатысып, бақтарын сынады. Ауданымыздың намысын қорғаған Бөрлі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері үздік нәтижелермен оралды. Атап айтсақ Ж.Губайдуллиннің шәкірттері Русланов Қуаныш, Давлеткалиев Руслан «ката» бағдарламасы бойынша жеңімпаз атанса, 10-11 жас ерекшелігі бойынша Абулкасова Зарема қола жүлдегері атанды. «Кумитэ» бағдарламасы бойынша Торегожа Фаррух, Кусдавлетов Эльдар, Сериков Мирхан, Давлеткалиев Руслан, Бегов Далер, Закарян Вадим жарыстың жеңімпаздары атанса, Уксумбаев Тимур, Есетов Раимбек, Сайбаталов Қайрат, Стецура Ирина күміс жүлде иегерлері атанды.

Аида Есенаманқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале