3.11.2016, 13:07
Оқылды: 14

Жарысқа талдаулар жасады

%d0%b6%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81%d2%9b%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d0%b0%d0%b4%d1%8b   Мерейтойлық жыл құрметіне Ақжайық ауданының Тайпақ ауылындағы Краснояр орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері көршілес Алмалы және Базаршолан ауылдарындағы мектептерден ересектер командаларын шақыра отырып, волейболдан жарыс ұйымдастырды. Осы ойынды сүйетін тайпақтық балауса ұл-қыздар үшін бұл командалардың кездесуі өзіндік дәріске айналды. Мұғалімдер ойындарға талдаулар жүргізді.


Тәуеліздік жылдары ауданда дене шынықтыру мен спорттың өркендеуінен жиналған жанкүйерлер, тұрғындар алдында әңгімелер өткізілді.

Краснояр орта мектебінде волейболмен мұғалімдер де, шәкірттер де тұрақты түрде, сүйіп айналысады. Осының жарқын бір айғағы – аталған жарыста осы алаң иелері, яғни красноярлықтар топжарды.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале