15.11.2016, 10:53
Оқылды: 16

«Жасыл елдің» жақсылығы білініп тұр

%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bb-%d0%b5%d0%bbАқжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында «Жаңа Дем» Республикалық жастар конгресінің қолдауымен облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері келіп, қайырлы істер орындады. Штаб жетекшісі Қанат Досмағанбетов ауылдағы мектеп оқушыларымен бірігіп, олар әл-қуаты кем жандардың, мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың үй шаруаларына көмектесті. Қысқы отындық ағаштарын ұсақтап, 3 үйдің қақпа, есік, терезелерін сырлап берді. Бір үйдің ауласын жөндеді. Ауылдықтар оларға шексіз ризашылықтарын арнады.

– Еліміздегі «Жасыл ел» жасақтарының үлкен істерінен, маңайларына қайырымдылықтарынан да жақсы хабардармыз. Міне, оның мысалын өз ауылымыздан да көріп отырмыз. «Адам күні – адаммен» деген, оларға алғысымыз шексіз,- деді қария Ғазез Абатов.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале