2.08.2016, 14:25
Оқылды: 21

Жасыл ел жасақтарының жарысы

 Жасыл ел жасақтарының жарысы1Зеленов ауданына келген «Жасыл ел» жасақтары құрамында 40 жасөспірім еңбек етуде.


Олардың нобайы Дариян және Январцев ауылдарында. Сол жасардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігі бірігіп, «Жасыл ел» жасақтары арасында волейбол жарысын ұйымдастылрды.

Дариян ауылдық клубының спортзалында өткен жарысқа жастар белсене қатысты. Шараның ашылу салтанатында сөз алған жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұржан Емұратов пен Дариян ауылдық клубының директоры Нұржан Тасболатов жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.Жасыл ел жасақтарының жарысы

Тартысқа толы болған ойындар қорытындысында Январцев ауылынан келген жасақ командасы жеңіске жетті. Жарыс барысында өздерін жақсы қырынан танытқандарға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале