9.08.2016, 17:50
Оқылды: 21

Жас мамандар жұмысқа жолданды

мамандарЖәнібек аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен жас мамандарды тарату шарасы оздырылды. Оған жұмыспен қамту орталығының бас маманы Зухра Давлетчина, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сағынбек Стамов, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты. Шараны аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мұратқали Ғазезов кіріспе сөзбен ашты.

         Жәрмеңкеге жоғары және арнаулы орта білімді 47 маман қатысса, оның 15-і жұмысқа жолданды. Кейбір жас мамандар аудандық білім беру бөлімінің резервіне қойылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша математика, музыка, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері тапшы болғандықтан, алғашқы екі мамандық иелері түгелдей жұмысқа жолданды. Ал, орыс тілі пәні мұғалімдерінің орындары бос күйінде қалды.

Жұмысқа жолданғандар енді мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге барып, екі-үш аптада басталатын жаңа оқу жылын жаңа орында бастайтын болады.

Д.Зеннат

Жәнібек ауданы

         www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале