10.08.2016, 12:21
Оқылды: 15

Жас футболшылар сайысы

Зеленов ауданы Достық ауылында футболдан жарыс өткізілді. Ауыл балаларын спортқа баулып жүрген Асхат Рыспаев пен Ербол Сарбасв сияқты жас бапкерлер ұйымдастырған жарыста 2001-2002 және 2003-2004 жылғы аяқдопшылар бақ сынасты.скачанные файлы

 Тартысқа толы болған  жасыл алаң бәсекесінің қорытындысында 2001-2002 жылғы ойыншылар арасында Новенький ауылының ойыншылары жеңімпаз атанса, 2003-2004 жылғы футболшылар сайысында Достық ауылының командасы жеңіске жетті. Сондай-ақ жарыс барысында жақсы ойын көрсеткен Э. Рамазанов үздік қақпашы атанса, Н. Мақсотов үздік қорғаушы, Н. Мыңжасов үздік шабуылшы аталымдарын еншіледі. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале