22.08.2016, 17:28
Оқылды: 25

Жағалау тазарып қалды

тазалық фото (2)Өткен аптаның соңында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Таза жағалау» атты акциясы өтіп, оған барлық мекеме-ұйымдар қатысып, Деркөл өзені жағалауын тазалады.

Таңсәріден аудан әкімдігі, аудандық мәслихат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Арай» ШҚ маңындағы аспалы көпірден Жұмағалиев көшесі бойындағы көпірге дейін аталмыш өзеннің жағалауын түрлі қоқыстардан тазартты.

Сондай-ақ электор торабы, газ шаруашылығы, аудандық мұрағат, орталық кітапхана жүйесі, қорғаныс бөлімі мекемелер «Шұғыла» лагерінің аумағын тазаласа, басқада мекеме-ұйымдар белсене жұмыс жасады.

Айта кетейік аталмыш акция аясында өткізілген тазалық шарасына 737 адам, 19 техника жұмылдырылып, 67, 9 тонна қоқыс шығарылды.

Е.Елекенов

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале