1.11.2016, 12:56
Оқылды: 19

Жағдайларымен танысты

%d0%b6%d0%b0%d2%93%d0%b4%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d1%82%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b   Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлері күні кеше аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтерде болып, қамқорларындағы жандардың үйлеріне барып, хал-жағдайларымен танысты.


  Сонымен қатар аталған бөлім, бөлімшенің басшылары мен қызметкерлері ауылдық округтердегі әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс барысымен танысып, тиісті тапсырмалар жүктеді. Ауылдық округ орталықтарындағы жолсапары кезінде ауданнан барған бөлім, бөлімше басшылары мен қызметкерлері ауыл әкімдері мен мамандарына, тұрғындарға халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында енгізілген «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулықтар таратты.

                                                                          Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале