10.10.2016, 12:00
Оқылды: 30

Жақсылықтан артық сый жоқ жалғанда

Жақсылықтан артық сый жоқ жалғанда,%d2%b1%d2%a3%d2%93%d1%8b%d1%81%d1%8b%d0%bd

Өкінбейді берген де оны, алған да.

Сараң адам бола алмайды бақытты,

Ал жомарттар қалған емес арманда, - деп ақын Нарша Қашағанұлы жырлағандай, мейірімділік акциясы аясында жуырда жолға шыққан шығармашылық ұжым Сайқынның солтүстік бетіндегі Ұңғысын елді мекенінде отырған жас шаңыраққа сый-cияпатымен енді.

Дәлірек айтсақ, қайырымдылық айлығы шеңберінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мекемелер тарапынан көмек көрсетіліп, оларды азық-түлік, тұрмыстық тауар және басқа да ұсақ-түйек, керек-жарақтармен қамтамасыз ету қажет болатын-ды. Осынау сауапты істен «Орда жұлдызы» газеті қызметкерлері де құр қалмай, Нұрлан Ромашев пен Анжелика Тілешова есімді жас жанұяға көмек қолын созып, үй иелерінің алғыстарын арқалап қайтты.

* * *

Бұл игі дәстүрді ізінше жалғастырған аудандық мәслихат ұжымы үш қыз тәрбиелеп отырған сайқындық жанұя Нығметов Айболат пен Сәрсеналиева Бибігүлдің баспанасына бас сұғып, жағдайларымен танысты. Қазіргі таңда жолдасы да өзі де жұмыссыз екендіктерін, әрі айына 10 мыңға пәтер жалдап тұрып жатқандарын айтқан оларға, Ерболат ағай Таңатов үйге кезекке тұруға кеңес беріп, әкелген азық-түліктерін табыстады. «Қуантсаң, баланы қуант» демекші ішке кіргенде алдымыздан тұлымшағы желбіреп жүгіре шыққан кішкене қыздарға да арнайы тәттілер ұстатуды ұмыт қалдырмапты.

Осылайша ағалық ақылын айтып, аз да болса материалдық жәрдем жасап жатқан ұжымға ерлі-зайыптар рахметтерін жаудырды.

Г.Есентемір

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале