1.11.2016, 13:00
Оқылды: 18

Жаңабұлақтағы жарқын бір күн

ZH  Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында еңбек мерекесі ұйымдастырылды. Ауылдық округ әкімі Ермек Құсайынов жиналғандар алдында мерейтойлы жылғы сан-қырлы шаруаның біраз қорытындыларын баяндап, қыс маусымына дайындықтың жайын пысықтады.

Алтынбесік ауылдың шаруашылығына үлес қосып жүрген еңбеккерлердің атына жылы лебіз арнады. «Мейірбек» (жетекшісі Нұрым Шүкіров), «Жерұйық» (жетекшісі Әнуар Меңдібаев), «Боран» (жетекшісі Жігер Искалиев) және «Жамбыр» (жетекшісі Рулан Ибатов) ұжымдары естелік сыйлықтармен қошеметтелді. Көркемөнерпаздар еңбектің құдіретін әйгілейтін ән-күйлерді орындап, жұрттың көңіл-күйін тіпті асқақтатты.


Осы күн құрметіне волейболдан бәсекелер өткізілді. Мұнда Мектеп командасы І, жастар ІІ, ауыл әкімдігі командасы ІІІ орын иеленді. Спортты сүйген Айкен Мұрат «Үздік ойыншы», Әділбек Жұмағалиев «Үздік қорғаушы», Серікболат Қабдолғалиев «Үздік доп үйлестіруші», Ринат Абатұлы «Үздік шабуылшы» аталымдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сәкен ЖАНТІЛЕК

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале