7.11.2016, 10:49
Оқылды: 25

Жаңақала аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің ІІ форумы

%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d2%9b%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d1%96%d1%81%d1%96%d0%bc-%d0%ba   Жаңақала ауданында аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің ІІ форумы өтті.

Форум жұмысына аудандық мәслихат хатшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасы З.Сисенғали, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Сатым Шауенов, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру бөлімінің басшысы Оспан Исмагулов, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиаторы А.Ракишева, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.


Форум жұмысын аудандық мәслихат хатшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасы З.Сисенғали ашып, Қоғамдық келісім кеңесінің атқарған істері мен алдағы міндеттерін баяндады. Кейін «Тұрғындарды жұмыспен қамту - тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Оразалиев, аудандағы діни ахуал және профилактикалық жұмыстардың жай-күйі жөнінде бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Теміров баяндама жасады.
Баяндамалар талқыланған соң облыстан келген қонақтар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Форум соңында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Сатым Шауенов Қырқопа ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж. Төлеуғалиевке, Көпжасар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Салауатовқа Алғыс хат табыс етті.

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале