28.10.2016, 19:14
Оқылды: 34

Жаңа дүкен ашылды

%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d0%b4%d2%af%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8bЖәнібек ауданына қарасты Борсы ауылдық округінде жеке кәсіпкер Мансұлу Фазылованың «Құзайыр» азық-түлік дүкені ашылды.

Аталған дүкенді кәсіпкер құрылысшылар жалдап, өз қаржысына салдырған. Алдағы уақытта 2 адамды жұмыспен қамтымақ. Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин азық-түлік дүкенінің жергілікті халықтың игілігіне айналарына сенім білдірді.

Дүкеннің лентасы қиылған соң, Мансұлу Фазылова келушілерге «қош келдіңіздер» айтып, сауда орнының есігін айқара ашты.

Д.Зеннат

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале