8.11.2016, 16:37
Оқылды: 18

Жаңа жабдық мұқтаж жандарын қуантты

%d0%bc%d2%b1%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%b6Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандағы мүмкіндігі шектеулі 4 адамға жаңа арбалар сыйлады.  Мүгедек адамдарға арналған бұл арбалар мүмкіндігі шектеулі жандарға қаншалықты қажет екені баршаға мәлім, жаңа арбалар да өз тұтынушыларына сондай үлкен қуаныш сыйлады. Жүріп-тұруы қиын жандарға арналған бұл жабдықтың екі түрі болады, бірі бөлме ішіндегі қозғалыстарға арналған, ал екіншісі, көше серуеніне лайықтап жасалады екен. Міне, осындай аса қардар жабдықтың бөлме ішіне арналған түрі ауданда тұратын 4 мүгедек жанға тарту етілді.

-«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2005 жылдың 20 шілдесіндегі №754 Қаулысы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет қамқорлығы Шыңғырлау ауданы бойынша да толыққанды көрсетіліп келеді.  Міне, бүгінгі шаралар да осындай жұмыстардың жемісі. Бұл арбалар облыс бюджетінен қаралатын қаражатқа алынады. Бөгде адамның көмегіне жүгінген адамдарға бұл үлкен көмек болып отыр, - дейді Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Елена Затынайченко.

Бөлмелік арбалар 7 жылда, ал, серуенге арналғаны 4 жыл сайын алмастырылады екен. Жалпы, аудан бойынша осындай қажеттілігі бар жандар баршылық және олар түгел керек-жарағымен қамтылып отыр. Дегенмен, кейбір жағдайда арбалар сынып қалып немесе басқа да бір себептермен ауыстыру қажеттігі туындағанда мұқтаж жандар тарапынан арнайы сұраныс арызы жазылып, аталмыш бөлімге тапсырылуы тиіс. Осындай тиісті құжаттар неғұрлым жылдам тапсырылса, жаңа арба алу да тезірек шешіледі екен.  Мұны мұқтаж жандарға құлаққағыс мақсатында жазып отырмыз.

Су жаңа арбалардың 1-уі аудандық Қарттар үйінің тұрғынына, ал қалған 3-уі жергілікті тұрғын-жайда тұратын жандарға таратылып берілді.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале