3.11.2016, 13:09
Оқылды: 19

Жаңа жоба таныстырылды

????????????????????????????????????

   Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының тәуелсіздік залында жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау үшін жаңа несиелік бағдарламаны түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті.

  Семинарға БҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары С.Нұрмағамбетов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиал директорының орынбасары Н.Жұмағалиев, аудан әкімі С.Әлиев, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекемелер басшылары және кәсіпкерлер қатысты.


    Алдымен БҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Серік Базарұлы сөз сөйлеп, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы толық мағлұмат берді. – Жобаның шарты бойынша ауыл шаруашылығы кооперативін құру үшін 20-дан астам жеке кәсіпкер міндетті түрде болу керек. Ірі қара малды бордақылау үшін мемлекет әрбір кооператив мүшесіне 4 миллионға дейін 6 пайыздық қаржылай несие береді. Сонымен қатар үкімет тарапынан сатып алынған мал басына және оны бордақылап арнайы ет қабылдайтын пунктерге тапсыру кезінде субсидия беріледі. Бұл жоба әлі бекітілген жоқ. Бүгінгі кездесудің мақсаты жобаның тиімділігі мен кемшіліктерін республикалық деңгейде қаралатын отырысқа жеткізу, - дейді Серік Базарұлы.  Ал, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиал директорының орынбасары Нұрбол Маратұлы несиені алу мен оны қайтару мерзімдері және кепілдік туралы ақпарат берді.

         Жиын соңында барлық қатысушылар сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ аудан басшысы Санжар Жұматайұлы қорытынды сөз сөйлеп,  кооператив құру үшін 20-дан астам жеке кәсіпкердің болуы біздің аудан үшін көптігін айтып, оны 3 адамға дейін қысқартуға ұсыныс тастады.

М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале