29.08.2016, 17:53
Оқылды: 19

Жаңа нысан ашылды

111_1837                Дүйсенбі күні ҚР Конституциясы мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан орталығында «Хозяюшка» дүкенінің ашылу рәсімі өтті.


Аталмыш шараға аудан әкімі С.Әлиев пен  еңбек ардагері М.Залиев, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

Алдымен сөз алған аудан басшысы Санжар Жұматайұлы шағын және орта бизнесті дамыту бағытында ауданда біркелкі жұмыстардың іске асырылып жатқанын тілге тиек етті. Күні кеше ғана иесіз жатқан жерде жаңа үлгіде бой көтерген сауда нүктесінің тұрғындарға сапалы қызмет көрсететініне сенім білдірді. Жаңа ғимараттың иесі, жас кәсіпкер Сәуле Өтеғалиеваның алдағы жұмысына сәттілік тілеп, дүкеннің лентасын қиды.

Шашу шашылып, жаңа нысанның ішіне кірген тұрғындар құтты болсын айтып, ақтан ауыз тиді.

– Менің кәсіпкерлікпен айналысқаныма биыл жеті жыл болды. Осы уақытқа дейін өзімнің жеке дүкенім болса деп армандаушы едім. Бүгін сол арманым жүзеге асты. Екі жыл уақыттың ішінде өз қаражатыма тұрмыстық заттарды сататын осындай дүкен  салып алдым. Енді тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге дайынмын, - дейді Сәуле Серікқызы.

Шара барысында акция ұйымдастырылып, екі мың теңгеден жоғары сауда жасағандарға сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ дүкен иесі аз қамтылған екі отбасының балаларына оқу құралдары салынған сөмкені сыйға тартты.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале