1.11.2016, 12:51
Оқылды: 23

Жаңа әкім қызметіне кірісті

????????????????????????????????????

Нұржан Сахипов

  Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров Қаракөл ауылдық округінде іс сапармен болып, Қаракөл ауылдық округі әкімі міндетін уақытша атқару үшін Нұржан Сахиповты тағайындап, оны округ аппараты ұжымына таныстырды.


 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлау, өкілеттілігін тоқтату және қызметтен босату» қағидаларының 58-тармағы негізінде, 2016 жылы 28 қазанындағы Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының №35 шешімімен 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап Қаракөл ауылдық округі әкімі міндетін уақытша атқару қызметіне Нұржан Хамидоллаұлы Сахипов кірісті.

Қаракөл ауылдық округі аппаратында өткен жиында аудан басшысы А.Шахаров ауылды көркейту, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету, т.б. мәселелерді көтерді.

Округте болған сапарында аудан басшысы Асхат Берлешұлы округ орталығы Ақтайсай ауылында жаңадан салынып жатырған спорт алаңы құрылысы жұмыстарымен танысып, сын-ескертпелерін қаперге салды.

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале