25.10.2016, 14:02
Оқылды: 30

Жексенбідегі жұмыс күні

%d0%b7%d0%b0%d0%bc-%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc%d0%b0-%d0%be%d0%b1%d0%bbҚазанның 23-і күні облыс әкімінің орынбасары Бағдат Оразалдыұлы Азбаев жұмыс сапарымен Жаңақала ауданында болды. Алғашқы атбасын тіреген нысан – Құлшық құмынан тартылатын жер асты суы құбыры. Жалпы ауданымызда ауызсу мәселесі өзекті болып отыр. Өзен-көлдерге судың аз мөлшерде түсуінен, су көзіне деген сұраныс артып бара жатыр. Бұл проблема ауданның оңтүстік бөлігінде жиі көтеріледі. Күн тәртібіндегі өткір мәселе болып отырғаны анық.

Бұдан кейін Жуалыой ауылында былтырғы оқу жылының басында пайдалануға берілген 108 орындық мектепті аралап көрді. Мектептің салыну сапасы жайында мектеп директоры Қ.Садырдан сұрап білді.

Жаңақазан ауылындағы М.Жүнісов атындағы ЖОББМ-тің мерейтойына орай атқарылатын жұмыстар мен қажетті жөндеу жұмыстары жайында ауылдық округ әкімі С.Ғұбашевпен арадағы әңгімеден біраз көмектің болатынын аңғардық.

Келесі кезекте аудан орталығындағы салынып жатқан коммуналдық тұрғын үйлерге соқты.Құрылыс нысанын асықпай аралап көргеннен кейін «Коммунал» мекемесіне қарасты су айдайтын орталыққа барды.

Келесі кезекте Бірлік ауылына қарай жолға шықты. Мұнда Бірлік ауылында болып, онда 80 жер телімінің сыртқы инженерлік желілерін (электрмен және газбен жабдықтау) тарту құрылысына қанықты.

Облыс орталығына бара жатып, Қызылоба ауылындағы Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ-де жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының қорытынды нәтижесімен танысты. Жаз айларында жүргізілген «Чапай-Жаңақала-Сайхын» автожолының 76-51 шақырым аралығындағы жол жөндеу жұмыстарын тексерді.

Жексенбі жұмыс күні болмаса да, өзі үшін жұмыс күніне айналдыра білген облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев  аудандарды аралау сапарында біраз мәселе мәніне қанығып, ой түйіп облыс орталығына жол тартты.

Қазбек Қуанышұлы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале