10.10.2016, 16:17
Оқылды: 16

Жерлестеріміз белсенділік танытты

dsc_0086Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, саламатты өмір салтын  насихаттау бағытында аудандық спорт мектебінің ұйымдастыруымен аудан мекемелері арасында спорттық жарыстар өз жалғасын табуда. Осы жолы халқымыздың ұлттық спорттық ойындары аударыспақ пен тоғызқұмалақтан болған жарыста командалар белсенді түрде қатысты. Аударыспақтан «Бірлік» командасынан Нұртілек Мизамбаев қарсылас шақ келтірмей, жүлделі  1- орынға ие болса, 2- орынды «Намыс» командасынан Султан Уәлиханов,  3-орынды «Олимп» командасынан Рафхат Айтқалиев өзара бөлісті. Тоғызқұмалақ сайысы бойынша 1-орынды «Бірлік», 2-орынды «Тұлпар», 3-орынды «Намыс» командалары иеленді.

Меңдібек Сайынұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале