14.07.2016, 10:02
Оқылды: 21

Жер теліміне электр желісі мен су құбыры тартылуда

Жер теліміне электр желісі мен су құбыры тартылудаЕлбасымыздың алдымызға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша Зеленов ауданында әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда.


Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы барысында Ұлттық қордан бөлінген 258 млн.-нан астам қаражатқа Володар және Переметный ауылынан  жер кезегінде тұрған тұрғындарға жеке үй салу жоспарланған еді. Міне, сол жоспардың алғы жұмыстары бүгінгі таңда қолға алынды.

Айтар болсақ, Володар ауылындағы 362 жер теліміне 100 млн. 241 мың теңгеге электр желісін  тарту жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Переметный ауылындағы 200 жер теліміне 60 млн. 209 мың қаржыға су құбыры, 98 млн. 563 мың теңгеге электр желісін тарту жұмыстары басталды.

Айта кетейік, 560-тан астам аудан тұрғыны жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін иелік етпек.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале