15.11.2016, 11:22
Оқылды: 24

Жеңімпаз атанды

%d0%b6%d0%b5%d2%a3%d1%96%d0%bc%d0%bf%d0%b0%d0%b7-%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b          ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үстел теннисінен 1999-2002, 2003-2005 және 2006 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазталов ауданының біріншілігі өтіп, оған бес команда қатысты. 1999-2002 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасында жалпыкомандалық бірінші орынды Жәнібек ауданының командасы жеңіп алды.


   Жекелей жарыста 1999-2002 жылғы қыздар арасында жүлделі орындарды Алсу Әскербекова, Гүлзада Сайынова, Гүлфия Жендетқалиева (бәрі де Жәнібектен) ие болды. Ал 2003-2005 жылғы ұлдар арасында Роман Жанзах бірінші, Бауыржан Мырзағалиев (екеуі де Жәнібектен) үшінші орыннан көрінді. Ерасыл Бекетов «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын иеленді. Жеңімпаз командаға біріншіліктің кубогі мен жүлдегер спортшыларға дипломдар табыс етілді.

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале