21.10.2016, 17:58
Оқылды: 26

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы

%d0%b6%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0Қаратөбе ауданында «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді.


 

Акцияның негізгі мақсаты - партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ, әкімшілік полициясының қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру.
Акцияға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, Қаратөбе АІІБ-нің әкімшілік инспекциясының қызметкері Алмаз Елбаев қатысты.
Шара барысында жүргізушілерден сұхбат алынып, олардың тарапынан жоғарыдағы аталған құрылымдардың жұмысына көзқарастары мен ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Райымбек Абаев
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале