28.07.2016, 11:49
Оқылды: 56

Жол жөндеу жұмыстары басталды

????????????????????????????????????

Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен  2016-2017 жылдары аралығында Тасқала ауылының ауылішілік көлік жолдарына күрделі  жөндеу басталды.


Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер «Uniserv» ЖШС-і Абай көшесін жөндесе, қосалқы мердігер «Асфа» ЖШС-і Құрманғалиев, Жақсығұлов, Жеңіс және Чурилин көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Айта кетейік, Абай, Құрманғалиев, Жақсығұлов көшелерін жөндеуді қазан айының аяғына дейін бітіру көзделсе,  Жеңіс пен Чурилин көшелері 2017 жылы аяқталады.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале