17.11.2016, 12:06
Оқылды: 14

Жоспары жойқын кәсіпкерлер

%d0%b8%d0%bfТеректі ауданы Шаған ауылдық округінің аумағындағы құс өсірумен айналысатын «Аманғалиев» жеке кәсіпкерлігі  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 6 млн теңге несие алып, өз жұмысын 5 га жерге үлкен ферма салып бастаған.   Ресей Федерациясы Саратов қаласынан құс әкелініп, қазір оның басы 3500-ге жеткен. Олардан күніне 2000, ал жылына 130000 жұмыртқа алынады. Құс фермасының басшысы Арман Марксұлы.

Ал Подстепный ауылындағы «Төлеңгіт» шаруа қожалығын Қ.Дакешев есімді өз ісіне мығым шаруа%d0%b4%d0%b0%d0%ba%d0%b5%d1%88%d0%b5%d0%b2-%d1%88%d2%9b басқарып отыр. Шаруашылықта 50 бас сиыр сауылып, күніне 400 литр сүт өнімі Орал қаласының дүкендеріне жөнелтіледі. Болашақта облыс орталығын және аталмыш ауылдың айналасындағы елді-мекендердің халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп, экологиялық таза өнімді экспортқа шығарамыз, - дейді жоспары жойқын кәсіпкер.

 

Әділет Орынбасар

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале