Теректі ауданы Шаған ауылдық округінің аумағындағы құс өсірумен айналысатын «Аманғалиев» жеке кәсіпкерлігі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 6 млн теңге несие алып, өз жұмысын 5 га жерге үлкен ферма салып бастаған. Ресей Федерациясы Саратов қаласынан құс әкелініп, қазір оның басы 3500-ге жеткен. Олардан күніне 2000, ал жылына 130000 жұмыртқа алынады. Құс фермасының басшысы Арман Марксұлы.
Ал Подстепный ауылындағы «Төлеңгіт» шаруа қожалығын Қ.Дакешев есімді өз ісіне мығым шаруа басқарып отыр. Шаруашылықта 50 бас сиыр сауылып, күніне 400 литр сүт өнімі Орал қаласының дүкендеріне жөнелтіледі. Болашақта облыс орталығын және аталмыш ауылдың айналасындағы елді-мекендердің халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп, экологиялық таза өнімді экспортқа шығарамыз, - дейді жоспары жойқын кәсіпкер.
Әділет Орынбасар