30.09.2016, 16:49
Оқылды: 22

Жырлаймын ұстаз өзіңді!

%d1%83%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b7-%d0%b1%d1%83%d1%80%d0%bb%d0%b81             Ғалым да, кеңші де бас иген ұстаздар қауымын Бөрлі жұртшылығы да құттықтады.

«Жырлаймын ұстаз өзіңді!» атты мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын аздатқан ұстаздар қауымына ақ лебізімен жүрек жарды тілегін жеткізген Еркебұлан Нұриддинұлы бір топ ұстаздарды Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасын» тапсырды. Шырайлы мерекеде сахнаға аудан мектептеріндегі жас мамандар, тәуелсіздіктің төл құрдастары шақырылып оларға аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Сауле Жандалиева ізгі тілегін жолдап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале