25.08.2016, 17:33
Оқылды: 26

Жігерлі жастар жарысқа түсті

туриадаАуданымызда ел егемендігінің 25 жылдығына орай жастар туриадасы өткізілді.

Январцев, Рубежка, Дариян, Махамбет, Переметное, Зеленый, Белес, Раздольный, Көшім, Мичурин, Чеботорев ауылдарының жігерлі жастарынан құралған командалар қатысты.

Алғы сөзді алған аудан әкімі Кәрім Жақыпов тәу етер тәуелсіздігіміздің маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен, «Бивуак» байқауынан бастау алған дода одан әрі «Кедергілер жолағы», «Волейбол» турниріне ұласты. Ал, «Жаз тартуы» кезеңінде командалар аспаздық шеберліктерін дәлелдеді. Соңғы айналымда олар «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» тақырыбында суреттер салып, тартысты сайыс өз мәресіне жетті.

Жалпы командалық есеп бойынша рубежкалықтар ІІІ, Дарияндықтар ІІ орынды енщіледі. Ал, І орын Январцев ауылының жастарына бұйырды. Жеңімпазға арнайы кубок, жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Д.Дербісалы

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале