27.10.2016, 15:32
Оқылды: 69

Жүрегіңнің жылуымен бөліс

ZH-350x350Зеленов ауданы Дариян   ауылында   қайырымдылық  айының  аясында   мүмкіндігі  шектеулі  жандарға  ауыл  әкімшілігі  мен  мәдениет  үйі   қызметкерлерінің  ұйымдастыруларымен   мерекелік шара  өтті. ҚР   Президенті  Н.Ә. Назарбаев Жолдауында  - Мүмкіндігі  шектеулі    адамдар  үшін  Қазақстан  еш  кедергісіз   аймақ  болуы  тиіс,- деген   болатын. Қамқорлық  пен қолдауға үнемі мұқтаж, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан жандар әр адамның  қайырымдылығы мен алақандарының  жылулық  сезімін  күтеді.      Аталмыш  шарада  сөз   алған ауыл әкімі Болат Ерболатов: - Біз  осынау  жайдарлы  күнде, жүректері мейірімділікке толы үстем жандармен қауышып отырмыз. Елбасымыздың саясаты мен ұстанымы бойынша, өмір сүріп  жатқан әр адам баласы өзін жат сезінбеуі  тиіс. Кез-келген жан, қамқорлық пен  мейірімді сезініп,  басқалармен бірге бейбіт өмір  сүріп, сүйікті  ісімен   шұғылдана  алады. Біз сіздермен келешекте де болашағымыздың  жарқын болатынына сенімдіміз,-деп жылы лебізін арнады.

Осындай жылы сөздерден кейін сахна шымылдығын мәдениет үйінің директоры  Нұржан  Тасболатов «Ақжайық ару мекенім»  әнімен  ашты. Сондай-ақ қазақ  мектебінің   бір  топ  оқушылары  да  ән  айтып,би  билеп   келген  қонақтарды   өз  өнерлерімен  тәнті  етті. Қоғам  өміріне  белсене  араласып, сан  түрлі   салада  үздік     нәтиже  көрсетіп  жүрген   мүмкіндігі  шектеулі жандарды ынталандырып, қол жеткізген   жетістіктері  үшін оларға  сыйлықтар табыс етілді. Шара көркемөнерпаздардың «Отан  анаға  тағзым»  әнімен  қорытындыланды.

 

Гүлжан   Аязбаева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале