17.11.2016, 11:52
Оқылды: 28

Жүректерді тебіренткен кеш

 %d0%b6%d2%af%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96-%d1%82%d0%b5%d0%b1%d1%96%d1%80%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d1%88  Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты фестиваль мен Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған мерекелік концерт өтті.Бұл жолы кезекті фестивальді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жалғастырды.


   Қоғамдағы ең ауыр әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс әлеуметтік сала қызметкерлеріне тиесілі. Өйткені, олар көмекке мұқтаж жандарға қашанда рухани қуат беріп, күйбең тіршілікте көңілдеріне демеу, жандарына медеу болады. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыр тойымен бірге ұштасып отырған Әлеуметтік қорғау  жүйесінің қызметкерлері күніне арналған салтанатты шараның шымылдығы «Желтоқсан оқиғасы» туралы көрініспен түріліп, слайд көрсетілді. Одан кейін көрермендер Аман Серікқалиев пен Забира Аманғалиеваның орындауындағы «Туған жер» әніне құлақ асты. Артынша Темірлан Асланұлы «Қариялар үйі» әнін шырқап, көпшіліктің көңілінен шықты. Сосын Мәстексай ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Ақтолқын Неталиева «Аққу арман» әнін орындады.  Содан соң «Тәжік биі» биленіп, Мәстексай ауылдық округінен келген III топ мүгедегі Мейрам Бейсекенов «Қариялар» атты әнді тамылжыта шырқап берді. I топ мүгедегі  Абай Қойшекенов пен II топ мүгедегі Аққу Габдушеваның «Вальс» биіне көрермен қауым ризашылықтарын дүркін-дүркін соққан шапалақтарымен жеткізді. Мұнан кейін жерлес ақын З.Сисенғалидың сөзіне жазылған «Ақжайық – ару мекенім» әнін Жаңақала ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Асыл Қойшекенова шырқады. Сондай-ақ, Мәстексайлық III топ мүгедегі Мейрам Бейсекенов ауыр орындалатын «Сәби бақыты» әнімен жүректерді тебірентті. Сала қызметкерлерінің «Достық биіде» көптің көңілінен шықты.

Одан соң еселі еңбектері еленіп жүрген қызметкерлерді құттықтап, Алғысхат табыстау үшін сахна төріне аудан әкімі Лавр Хайретдинов шақырылды. Артынша сөз кезегібарша қызметкерлерді марапаттап, Алғысхаттар табыс ету үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаровқа берілді.

Ел Тәуелсізідігін ұлықтаған шарада халыққа рух берер «Атамекен» әнімен Қызылоба ауылдық округінен келген әлеуметтік қызметкер Сағадат Хайруллина сахна шымылдығын жапты. Содан соң сахнадахордың орындауында «Қазақстан», «Туған ел» әндері шырқалып, концерт өз мәресіне жетті.  Кеш соңында  «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» фестивалінің эстафетасы №3ЖОББҚМ-не табыс етілді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале