18.11.2016, 12:38
Оқылды: 21

Жұлдыз бен Жанеркенің жеңісі

%d0%b6%d2%b1%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%b7-%d0%b1%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%b6%d0%b5%d2%a3%d1%96%d1%81%d1%96  Алматы қаласында жас өнерпаздардың талантын саралаған «Күншуақ» конкурсы өтті. Еліміздің ең үздік деген жас өнерпаздары бақ сынаған ән бәйгесінде облыс намысын  Зеленов ауданы Мичурин ауылының жас өнерпаздары қорғады.


  Ауылдық клуб жанындағы вокал үйірмесінде Назира Хибашевадан тәлім алатын Жұлдыз Хапезова мен Жанерке Бекқалиева алматылық өнерсүйер қауымды өздерінің әсем дауыстарымен баурап алды.

  Конкурс ережесіне сай алдымен музыканың сүемелдеуімен кейін акопелла орындаған әншілердің арасынан суырылып шыққан Жанерке қызымыз үшінші орын иеленсе, үлкен сахнаға әбден төселген, жас болса да талай байқауларда өзін жақсы қырынан таныта білген Жұлдыз әнші бірінші орынды жеңіп алды.

  Өнерелі қыздарды аталмыш байқауға дайындаған жетекшісі, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Назира Хибашева:–Жұлдызым бірінші. Жанерке қызым үшінші орын иеленді. Осы ретте Жанеркенің үлкен додаға алғаш рет шығып отырғанын айтқым келеді. Соған қарамастан ол өзін жақсы қырынан таныта алды. Ал Жұлдыз болса, бұндай байрақты конкурстарға көп қатысқандығын көрсете білді. Ол былтыр бауырлас Татарстан Республикасының Набережные Челны қаласында өткен халықаралық конкурстан да бірінші орын иеленген еді. Бұл конкурс оған жеңілге соққандай. Енді сол Татар еліндегі конкурстың келер жылы болатын ашылу салтанатында ән шырқауға барамыз,-дейді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале