22.11.2016, 18:26
Оқылды: 21

Жұмыс тобы Ақтауда

????????????????????????????????????

 Қарашаның 22-сі күні облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев бастаған жұмыс тобы Тасқала ауданына қарасты Ақтау ауылының тұрғындарымен кездесті.


   Кездесуде облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары С.Нұрмағанбетов, облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы М.Ғабдуллин, облыстық дін істері басқармасының басшысы Т.Нығмет, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Жұмағұлова, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Сабиров, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары С.Хангереев әрқайсысы өз салалары бойынша қысқаша баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

  Жиын барысында сөз алған Бағдат Оразалдыұлы 25 жыл ішінде елімізде, соның ішінде облысымызда көптеген игі бастамалар қолға алынып, экономиканың барлық саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті.

 - Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, жол құрылысы, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Ақтау ауылдық округіне келетін болсақ, қазіргі таңда округте мыңнан аса адам тұрады. Аз қамтылған 38 отбасы әлеуметтік жағынан қорғалған. Барлық нысандар халыққа қызмет көрсетуде. Округте ауыз су, көгілдір отын бар. Мал басы да тұрақты өсіп келеді, - деді Б.Азбаев.

  Келесі кезекте сөз алған облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Ғабдуллин ауылдық округтің 5 тұрғынына полицияның ерікті қоғамдық көмекшісі куəлігін салтанатты түрде табыс етті.

  Жиын соңында жұмыс тобы мүшелері ауыл азаматтарын жеке қабылдап, қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелерге тиісті жауап берді.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале