2.11.2016, 11:55
Оқылды: 32

Жәнібекте партиялық жобалар жүзеге асуда

%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%b6%d0%be%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b6%d2%af%d0%b7%d0%b5%d0%b3%d0%b5-%d0%b0%d1%81%d1%83%d0%b4%d0%b0  «Нұр Отан» партиясының Күйгенкөл, Ақоба және Ұзынкөл ауылдық округтерінде есептік кездесулері өтіп, онда бастауыш партия ұйымының төрағалары Әлия Оспанова, Рауан Рахметуллин және Алтай Бақтығалиев мерзімді кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Олардың слайд арқылы жасаған баяндамаларында айтылғанындай, үш ауылдық округте де  жетекші партия құрылған уақыттан бері адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатында көптеген шараларды  жүзеге асырған.


   Аталған бастауыш партия ұйымдарына мүше болуға тілек білдірушілер қатары жылдан-жылға артып келеді.  Бастауыш партия ұйымының негізгі жұмыстары партиялық жобаларды іске асыру болса, үш ауылдық округте де олардың алға қойған міндеттері рет-ретімен орындалу үстінде. Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасына сәйкес бастауыш партия ұйымдарында жасы ұлғайған адамдарды құрметтеу, оларға сый-құрмет көрсету әманда назардан тыс қалмайды. Соның айғағындай жыл сайын қариялар күні мәдени-көпшілік шаралар жоспар бойынша тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мейрам күндерінде  қариялар салтанатты жиындарға шақырылып, олардың жастарға арналған ұлағатты әңгімелері тыңдалады. Ауыл жастары тарапынан үлкендерге құрмет көрсетіліп, дастархан жайылып, көркемөнерпаздар шағын концерттер ұйымдастырады. Ауыл өміріне белсене қатысып жүрген ардагерлерге ауыл әкімі тарапынан алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етіледі. Қарияларға қамқорлық жастар тарапынан үнемі көрсетіліп отырылады.  Сол сияқты «Біздің ауыл» жобасы бойынша үш ауылда атқырылған бірқатар толымды істер бар. Ауылдарды абаттандыру, көркейту жұмыстарының нәтижесінде жыл сайын спорт алаңдары, жазғы саябақтар, балалар ойнайтын алаңқайлар бой көтеріп келеді. Сондай-ақ  «Мықты бизнес-қуатты мемлекет және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы ауқымында аталған ауылдарда бірқатар жұмыстар атқарылған. Бұл бағыт бойынша кәсіпкерлікпен айналысуға ниет қойған жандарға көмек көрсету, мемлекет тарапынан беріліп жатырған қолдауларды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мұның түпкі мақсаты айтарлықтай нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы, Күйгенкөл аулының тұрғыны Гүлбану Хайрушева тойхана мен  наубайхана ашса, Ақоба ауылында шаштараз мамандығы бойынша оқу бітірген жас мамандар ауылға шақырылып, кәсіпкерлермен келісім жүргізудің арқасында шаш қиюға арналған орын тауып берілген. Айта берсе, ауылдық округтерде қолға алынған, алдағы уақытта қолға алынатын мұндай игі істер қатары көптеп саналады.

 Үш ауылда да өткен есеп беру, сайлау жиналыстарында «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин сөз сөйлеп, бастауыш партия ұйымдарының алдында тұрған міндеттер туралы баяндады. Есепті кездесулерде жарыссөзге шыққан Ө.Сахипов атындағы мектептің директоры Гүлбарам Есентаева, Х.Халиуллин атындағы мектептің мұғалімі Мұхтар Қайырғалиев, Ұзынкөл мектебі оқу ісінің меңгерушісі Гүлшара Жапақова еліміздегі жетекші партияның қолдауымен  жергілікті бастауыш партия ұйымдарында көптеген игі істердің қолға алынып, жүзеге асып жатырғанын күнделікті ауыл өмірінен әбден көз жеткізуге болатынын баяндай келіп, ауылдық округтердегі бастауыш партия ұйымдарының жұмысын оң  бағалады. Есеп беру, сайлау жиналыстарында «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Наурызбай Қарағойшин Күйгенкөл, Ақоба және Ұзынкөл ауылдық округі бастауыш партия ұйымының төрайымы мен төрағалығына сәйкесінше Әлия Болатованың, Рауан Рахметуллиннің, Алтай Бақтығалиевтың кандидатуларын қайтадан ұсынды. Ұсыныс жиынға қатынасушылар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

                                                                                  Н.Жапақов

                                                                                  Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале