19.07.2016, 17:36
Оқылды: 22

Жәнібектіктер Теректі ауданында

жәнібектіктер теректіде18 шілде күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында Теректі ауданына Жәнібек ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшин бастаған топ арнайы ат артып келді. Келген қонақтарды аудан әкімі Мұрат Мұқаев қазаққа тән қонақжайлылықпен ақ дәм ұсынып, ән-жырдан шашу шашып, сән-салтанатымен қарсылап алды.

Марабайдай марғасқасы бар өлкеге келген қонаққа "кәде сый" дегендей, аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінің тілшісі Әділет Орынбасаров келген меймандарға өзінің арнауын оқып, жәнібектік ағайындардың жүзіне қуаныш сыйлап, бір тебірентті.

жәнібектіктер терекетіде2Әрі қарай меймандар Достық үйі алаңында теректілік көркемөнерпаздар дайындаған  концерттік бағдарламаны тамашалады. Кеште аудан өнерпаздары көңілді әндер орындап, делегация өкілдеріне кереметтей көңіл-күй сыйлады.

www.zhaikpress.kz

Қуанышәлі БАЯНОВ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале