16.08.2016, 11:24
Оқылды: 36

Жәнібек ауданында «Мектепке жол» акциясы оздырылды

акцияАкция 2016 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ» мекені!» ұранымен өткізілуде. Акцияның басты мақсаты – мектебіміздің тұрақты демеушілерінің  көрсеткен көмегімен  аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына мектепке қажет оқу құралдары  мен киім-кешек табыс ету. «Мектепке жол» акциясы бойынша орталық базарда мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда төмен бағамен оқу құралдары мен киім- кешектер сатылды.  Т.Жароков атындағы ЖББОМ- да «Мектепке жол» акциясы оздырылып, онда аудандық тұрғын үй-  коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары Ж. Хайырлиев пен М. Ибатов қатысып бір топ оқушыға оқу құралдарын табыс етті. Әрі қарай №1 ЖББОМ-да жеке кәсіпкер Ақтоты Сәрсенғалиева  15 оқушыны аяқ киіммен, 4 оқушыны мектеп құралдарымен қамтыса, жеке кәсіпкер Сайра Сатанова 1 оқушыға толық мектеп формасын алып берді. Жеке кәсіпкер Гүлжайна Тастанова 2 оқушыға  аяқ киім, аудандық  ветеринария бөлімі 3 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын сыйға тартты.

     Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса»- деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс – тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!  Бүгінгі оқушы – егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шығуына, қол ұшын беріп атсалысып отырған жоғарыда аталып өткен кәсіпкерлерімізбен бірге Е.Елемесов, А.Аяпов, Ғ.Әліп, Қ.Татранов

                 А. Утешева секілді демеушілерімізге алғысымыз шексіз.

                                                                                                      М.Сырымов

                                                                                                      Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале