13.09.2016, 13:46
Оқылды: 35

Жәнібек ауданының бюджеті 2,5 миллиард теңге

        %d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d0%b1%d0%b5%d0%ba    Жəнібек ауданы əкімдігінің биылғы бюджеті 2 млрд. 431 млн. 63 мың теңгеге бекітілсе, ресми трансферт көлемі 2 млрд. 189 млн. 998 мың теңгені құраған. Өнеркəсіп өнімі 180,3 млн. теңгеге бағаланды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 180,3 млн. теңге.
Бұл жайында Қазақстан-Орал телеарнасында өткен брифингте Жəнібек ауданының əкімі Наурызбай Қарағойшин мəлім етті.
Ауданда мал шаруашылығына қолайлы жағдай жасалуда. Мүйізді ірі қара 35567, қой мен ешкі 75 199, жылқы 10941, түйе 99, құс 18605 басты құраған. Биыл 2346,9 тонна ет, 7932,7 тонна сүт, 1121 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Аудандағы шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан 323 млн. теңге көлемінде субсидиямен қамтылған.
Жұмыссыздық деңгейі - 0,8 пайыз. Кедейлік шегіндегі 24 отбасы тіркелген. 16 мектепте, 2 мектеп-балабақша кешені мен 11 шағын орталықта 905 бала тəрбиеленуде.
Биыл ауылдарда 24 млн. теңгеге 3 спорт алаңы салынуда. Ауданда жұмысқа орналасқан 35 жас маманға бюджеттен қаражат бөлініп, қолдау шаралары көрсетілуде. Ауданның 2020 жылға дейінгі даму жоспарында ет-сүт өнімдері цехы, құрылыс материалын дайындайтын өндіріс орындарын жəне шағын кəсіпорындар ашу, спорттық-сауықтыру кешенін салу, бірқатар елді мекендерге көгілдір отын, сапалы ауыз құбырларын тарту енгізілген.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале