13.10.2016, 13:34
Оқылды: 15

Заң жобалары талқыланды

%d0%b7%d0%b0%d2%a3-%d0%b6%d0%be%d0%b1%d0%b01Зеленов ауданы Дариян ауылында  БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  басшысы Қайсар  Закирұлының төрағалығымен Астана қаласынан келген  бір  топ  бюджет  саласының өкілдерінің  қатысуларымен  көшпелі  отырысы  өтіп, бірнеше   маңызды  мәселелер  қаралды.


 

Соның  ішінде «2016-2018  жылдарға  арналған   республикалық  бюджет  туралы» Заңға өзгерістер  мен  жергілікті  биліктің   өзін-өзі  қаржыландыру  мәселесі,   2016  жылдың  бюджет шығыстарын   нақтылау    жөніндегі заң жобасы  талқыланды.  Бұл жөнінде   ҚР   Ұлттық  экономика  министрлігінің  экономика   инфрақұрылымын  дамыту  департаменті  директорының  орынбасары  Санат  Тұңғышбеков  жан-жақты  талқылап, мағлұмат  беріп  қана  қоймай, егжей –тегжейлі   болу үшін   жиынға  қатысқан  ауыл  әкімдері  мен  жетекші, бас  мамандармен  еркін түрде  ой  бөлісті.

Жиын барысында сөз алған Достық, Мичурин, Махамбет, Дариян  ауылдық округінің әкімдері өздерін  толғандырған  мәселелер  туралы  сауалдарын  жолдап,  тұшымды  жауаптар алды. Сондай - ақ  ҚР   Ұлттық  экономика  министрлігінің  өңірлік  саясат, өңірлік  талдау  және бағалау  департаментінің   директоры  Жайық  Шарабасов  нақтыланған  бюджет  шығыстары мен жаңа  жобаның   әлеуметтік  экономиканы  дамытудағы  тиімділігі жайында  сөз  қозғады. Кірістер болжамын  қандай  жолмен  ұлғайту қажеттігі, нақтыланған бюджет  жобасында көзделген қосымша  шығыстар   көлемі хақында көпшілікке түсіндірді.

Басқосуға  қатысқан  Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау  облыстарының  ауыл-аймақтарынан келген  ауыл  әкімдері  де  өздерінің  іс-тәжірибелерін  ортаға  салып, жаңа  жүйенің жай-жапсары ғаламтор  арқылы  да  жүзеге  асыруға  болатындығын  және   кадр  мәселесін  де  тілге  тиек  етті. Сонымен  қатар  осы  жиналыста  аудандық   экономика  және  бюджеттік  жоспарлау бөлімінің бастығы  Сандуғаш Айтқалиева да  заң жобасын  талқылауда туындаған қаржының қандай бағытта  жұмсалуы  аясындағы  пікірімен  бөлісті.

Жиынды аудан  әкімінің  орынбасары Амангелді  Тоғызбаев қорытындылап, келешекте  нақты  жұмыстар  күтіп  тұрғанын мәлімдеді.

Гүлжан   Серікқызы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале