17.10.2016, 10:24
Оқылды: 20

Зеленовта кадрлық-резерв жасақталды

%d0%ba%d0%b0%d0%b4%d1%80%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d1%80%d0%b2-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b   «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы  Саяси Кеңесі Бюросының кезекті отырысы болып өтті.

Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары  А.Досжанов, аудандық мәслихат хатшысы Р.Ысмағұлов, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Залмұқанов, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен төрайымы, бөлім басшылары, ауыл әкімдері қатысты.


Саяси Кеңес отырысында бірқатар мәселелер күн тәртібіне қойылған болатын. Атап айтқанда, партия Жарғысына сәйкес есептік-сайлау науқанын ұйымдастыру үшін бастауыш партия ұйымдары жиналысының мерзімін бекіту және филиал конференциясының өтетін күнін және күн тәртібін белгілеу, партиялық жобаларға фракция мүшелерінен тәлімгерлер тағайындау, партиялық кадрлық-резервін жасақтау болды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мәлімдеме жасаған  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Тоғызбайұлы:

- Өздеріңізге белгілі, есептік-сайлау науқаны партия Жарғысының 9.6, 9.8, 9.9 тарауларына сай ұйымдастырылады. Белгіленген ережеге сай партияның барлық құрылымдарында бюро отырыстары, бастауыш партия ұйымының жиналыстары мен аудандық филиалдың конференциясы өткізіледі.

Бастауыш партия ұйымдары жиналысының күн тәртібіне келесідегідей мәселелерді шығарған болатынбыз. Мәселен, бастауыш партия ұйымының 2015-2016 жылдары  атқарған жұмысы туралы, бастауыш партия ұйымының бюросын  немесе төрағасын (егер төрағасы жоқ болса) сайлау туралы, аумақтық  филиал конференциясына делегаттар сайлау туралы, бастауыш партия ұйымынан  сайланған депутаттың есеп беруі.

Конференцияға делегаттар аудандық филиал ұсынған  квотаға сәйкес ұсынылатындығын айта кеткен жөн, - деді.

Одан әрі Нұржан Тоғызбайұлы қатысуышылар назарына бастауыш партия ұйымдары жиналысының кестесін жоспарлаған кезде жиналысқа дайындалу және өткізуге Саяси Кеңес мүшелерінен жауапты  адамдар белгілеуді көздеген бастауыш партия ұйымдары жиналыстарының  кестесін ұсынды.

Содан соң аудандық филиалдың есептік-сайлау конференциясының күн тәртібіндегі партияның аудандық филиалының 2015-2016 жылдары атқарған жұмысы туралы есебі, аудандық филиалдың Саяси Кеңесін сайлау сынды мәселерді тілге тиек етті.

Басқосу барысында күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Тастайұлы сөз алып, аталмыш жобаларға депуттарды бекіту туралы ұсыныс жасады.

Ал, үшінші мәселе негізінде резерв туралы Ережеге сәйкес филиалда кадрлық-резерв жасақталуы тиіс болатын. Осыған дейін әр бастауыш партия  ұйымынан өтініш білдірген партия мүшелерінің тізімі жасақталған. Осы орайда партиялық кадрлық – резерв тізімі оқылып, талаптары таныстырылды.

 

Айшбибі МАМЕТ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале