9.08.2016, 11:46
Оқылды: 40

Зеленовта шөп жинау қарқынды жүруде

        Шөп жинау қарқынды жүруде Мал азығын дайындау ісі Зеленов ауданында қарқынды жүруде. Барлығы 128316 гектар жерді шабуды көздеген шаруалар қазіргі таңда жұмыстың 72,5 пайызын орындаған. Бұл дегеніміз 90,14  гектар жердегі шөп шабылды деген сөз. Өнімділік те көңіл қуантады. Әр гектарынан 16,4 центнер өнім алынуда. Қазіргі таңда жоспарланған 203 мың 87 тонна шөптің 147 мың 83 тоннасы жиналды. Жұмыс әлі де жүріп жатыр. Шөп шабуға 160 трактор, 135 пішен шабатын машина мен тырма, 105 пішен жинағыш пен 87 пішен маялағаш техника жұмылдырылыпты.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале