20.07.2016, 15:11
Оқылды: 49

Зеленовта 8 дала өрті тіркелген

????????????????????????????????????

Жыл басынан бері Зеленов ауданы аумағында 8 дала өрті тіркелген. Жалпы  көлемі 27,2 гектар жерді жалмаған тілсіз жау өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 38 пайызға азайған. Былтыр осы кезеңде 43,4 гектар жерді шарпыған 39 өрт фактісі тіркеліпті. Биыл болған дала өртіннің екеуін ауылдық округ тұрғындары өз күшімен сөндіресе, 6 жану оқиғасын өрт сөндірушілер тоқтатқан. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Талғат Жақыповтың айтуынша өрт шығуына адамдардың өрт қауіпсіздігі қағидалары мен талаптарын орындамай, қоқыстар мен шөптердің қалдықтарын өртеп, қараусыз қалдыруы себеп болады екен. Сондай-ақ орман алқаптары айналасының жыртылмауы да өрт шығуына сеп болатын көрінеді.

Бұдан бөлек Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 2015 жылдың 1 ақпанынды шыққан №107 бұйрығымен мемлекеттік өрт сөндіру қызметтері  құрылмаған елді мекендерде орын алған өрттерді сөндіру жергілікті атқарушы органдарына жүктелуіне байланысты барлық ауылдық округтерде ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылды. Ол жасаққа енген 438 адам өрт сөндіру құралдарымен жабдықталып, оларға 22 техника берілген. Дегенмен ауылдық жерлерде арнайы су алатын орындардың жоқтығы өзекті мәселе болып отыр.

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале