17.10.2016, 16:11
Оқылды: 23

Зеленовтықтар додада дес бермеді

%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82%d1%8dАқсай қаласында каратэден республикалық ашық турнир өтті. Аталмыш турнир ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту етілді.


Жарыс алаңына Ақмола, Қостанай, Ақсай, Орал қалаларынан және ауданымыздың спортшылары бақтарын сынады.

Намысты қолдан бермейтін Зеленов ауданы спортшылары бұл жарыста да өздерін жақсы қырынан таныта алды. Атап айтар болсақ, Эльдар Закария кумитэ мен катада І орыннан көрінсе, Данил Горелкин кумитэде ІІ орын иеленді. Сондай-ақ Ілияс Жеңіс те қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, катада да кумитэде де үздік деп танылды. Бұдан бөлек Бауыржан Сұлтангерей, Ғабдолла Ғабдуллин, Байнияз Өтеғалиев сияқты спортшылар өз жас ерекшеліктері бойынша кумитэде ІІ орыннан көрінсе,  Ерлан Баянов кумитэде бірінші атанды. Ал ең жас каратэшілер арасында жекпе-жек яғни кумитэде Мәди Жалмурзин екінші, катада Әли Жалмурзин екінші, Артем Москаленко мен Руслан Өтешқалиев кумитэде жеңімпаз атанса, Шерхан Ғұмаров пен Ілияс Үмбетәлиев бірінші, Жантөре Серік кумитэде ІІ катада ІІІ орыннан көрінді.

 

Д.ДЕРБІСАЛЫ

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале