3.08.2016, 15:43
Оқылды: 22

Зеленов ауданында «Біздің ардагерлер» акциясы басталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған акция аясында жастар  аудандағы ардагерлердің үйлеріне барып,  келе жатырған  ұлы мереке тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, төстеріне мерекеге орай жасалған эмблеманы тағуда. Дариян ауылынан бастау алған шараға «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Нұржан Дүзбатыров, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Талшынай Жүніс, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұржан Ешмұратов және ауыл жастары қатысты. ардагерлерЕңбек ардагерлері Анатоли Белинский және Гальдеше Өтебалиеветердің үйлеріне соқты. Кездесу барысында  ардагерлер келген қонақтарға әңгімелерін айтып, ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Одан әрі акция ұйымдастырушылары Переметный ауылында тұрып жатырған Толчанова Надежда, Михаил Берендяевтердің  үйлерін аралады. Оларға да мерекеге орай жасалған төсбелгілерді тағып, көпті көрген қариялардың тағылымға толы әңгімелерін тыңдады.

Аталмыщ шара ауданның барлық ауылдық округтерінде өтпек.

 

www.zhaikpress.kz

Зеленов аудандық

ішкі саясат бөлімінің басшысы

Т.Жүніс

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале