16.08.2016, 19:01
Оқылды: 15

Зеленов ауданы Мичурин ауылында 65 жастағы тұрғынның мүрдесі табылды

zhpress (1)    Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша марқұм кеуде тұсынан жарақат алған.

Аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметінше күдікті әлі табылған жоқ. ҚР ҚК 106 бабы 3 тармағы бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал, қылмыскер табылған жағдайда заңға сәйкес сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылатын болады.

Д.Дербісәлі

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале