8.09.2016, 19:05
Оқылды: 57

Зеленов ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды  

 

%d1%88%d0%b0%d1%83%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d1%80%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%82-%d1%81%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bc%d2%b1%d0%bb%d1%8b1Зеленов ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Ринат Сатымұлы Шауенов тағайындалды.


 

Ринат Сатымұлы Шауенов 1981 жылдың маусым айының үшінші жұлдызында бұрынғы Фурманов ауданына қарасты Талдықұдық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2004 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен экономика және менеджмент (әлеуметтік жүйе мен саладағы), менеджер экономист мамандығын игерген.

2004 жылы Тасқала ауданының қаржы бөлімінің жетекші маман-экономисі, бас маман-экономисі.

2005-2006 ж.ж. Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.

2006-2008 ж.ж. Тасқала ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас   маман-экономисі.

2008-2010  ж.ж. Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша департаментінде (қаржы полиция)  қызмет атқарды.

2010 жылы «West Build Company» ЖШС-нің бас директорының орынбасары, Орал қаласы.

2010-2011 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің кеңесшісі, Ақсай қаласы

2011-2012 ж.ж. Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі   меңгерушісінің орынбасары

2012 жылы Орал қаласы әкімінің көмекшісі.

2012 - 2013 ж.ж.  Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы.

2013 жылдың тамыз айында Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

1.09.2016 жылдан бастап Зеленов ауданы әкімінің орынбасары.

Отбасылы, екі баласы бар.

«Ауыл тынысы»

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале