12.09.2016, 14:28
Оқылды: 29

Зеленов жамағаты Құрбан айтты атап өтті

%d0%b0%d0%b9%d1%82-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%b9%d1%82-123Зеленов жамағаты қасиетті Құрбан айт мерекесін ерекше салтанатпен атап өтті. Таңсәріден аудан орталығындағы мешітке жиналған ағайынды аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов құттықтады.


Айт намазынан соң бір-бірін жамыраса құттықтаған мұсылмандар құрбан шалып, мешіт имамы ұйымдастырған спорттық ойындарда бақтарын сынады. Асық ату, арқан тартыс, қазақ күресі сияқты спорттық жарыстарда үздік шыққандарға бағалы сыйлықтар ұсынылды. Одан соң қазан асылып, ұлық мерекеге орай тігілген киіз үйде ас берілді.

%d0%b0%d0%b9%d1%82-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%b9%d1%82-069Асқа арнайы келген аудан әкімі Кәрім Жақыпов: "Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Бұл күндері жамағат мал шалып, құлшылық етеді. Араздасқан адамдар дәл осы күні татуласып, бір-бірлеріне ізгі тілектерін жолдайды. Баршаңызды осы бір мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін. Айттан-айтқа аман-есен жете берейік,-деген тілегін білдірген соң, Николай Анципрович, Сатым Төлегенов, Қадырбай Абдушев сияқты ел ағалары да өздерінің ақ тілектерін арнап, жамағатты мерекелерімен құттықтады. Дастархан басында әдемі тілектер мен қатар жақсы уағыздар да айтылып, жиналған ағайын арқа-жарқа болып жатты. Шалынған құрбандықтың етттері мұқтаж жандарға таратылды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале