9.11.2016, 15:35
Оқылды: 36

«Имандылық - ұлы қасиет»

Тасқала ауданы, Атамекен аулының мәдениет үйінде "Нұр Отан" партиясы Тасқала аудандық филиалының «Қазақстан» бастауыш партия ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен "Имандылық - ұлы қасиет" атты ауыл молдасы Ерниязов Шынболат Мүтиғоллаұлымен кездесу өткізді.


Шараға мəдениет үйінің қызметкерлері, жастармен жұмыс жөніндегі маман, мектеп оқушылары, сынып жетекшілер қатысты. Кездесу барысында бейнероликтер көрсетіліп, ауыл молдасы оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты-оқушыларды өз дініне, тіліне, əдет-ғұрпына деген сүйіспеншілікті оятып,  имандылыққа, адамгершілікке, ішкі-жан дүниенің тазалығын сақтауға бейімдеу болып табылады.

Н.Назарова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале