17.08.2016, 11:08
Оқылды: 48

Италиядан әсермен...  

Италиядан әсермен...Қаратөбе ауданының Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Эльдар Қойшыбаев жазғы демалысын Италияның Чезенатико қаласында өткізіп келгендігі жөнінде әсерімен бөлісті.


- Батыс Қазақстан облысынан 40 оқушы бардық. Орал қаласынан Алматыға,  Алматыдан Германия мемлекетінің Франкфурт қаласына, одан әрі Италияның Болонье қаласына ұшақ арқылы жеттік.

Чезенатико қаласындағы лагерьге автобуспен алып барды. Италияндықтар біздерді  жақсы ықыласпен қарсы алды,- деп бастады Эльдар әңгімесін.

Әлем аралап келген Эльдардың айтуынша Ресей, Қазақстан және италияндық 400 жасөспірімге 5 аудармашы, 60 тәлімгер демалыстарын қызықты да тартымды өткізуге, көңіл-күйілерінің көтеріңкі болуына барлық жағдайды жасағандығын айтты.

- Италия еліндегі алғашқы күндері біздер жергілікті балалармен ағылшынша сөйлесіп, достасып алдық. Адриатикалық теңіз жағалауында орналасқан Чезенатико қаласының табиғаты өте керемет, теңіз суына шомылып, биіктігі аспанмен таласқан әсем ғимараттарды аралап көріп, тарихи орындарға барып,  уақытымызды қызықты әрі тартымды өткіздім. Мен онда шығармашылық үйірмелерге және спорттық секцияларға қатыстым. Көптеген жаңа достар таптым, - дейді Эльдар.

Кейіпкеріміздің балалық шақтың бал қызығына бөленіп, әлем аралап ел мен жер көруге мол мүмкіндік туғызған аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлеріне алғысы шексіз.  

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале