29.07.2016, 10:46
Оқылды: 25

Ит-құсқа бақылау қажет

иттерШыңғырлау аудан орталығын  абаттандырып, көше бойын тал-шілікпен, гүлмен көмкеріп, ауылдың сәнін  келтірушілердің еңбегі зая кетіп жатады. 


Бұған себеп талдарды  сындырып, гүлдерді таптап кететін  ірілі-ұсақты малдар. Оған  қоса  иесіз жүрген ит-құс та бар. Әрине, сол себепті осындай оқиғалардың алдын алу үшін тәртіп бұзған мал мен ит-құс иелеріне ескерту немесе айыппұл салу керек.

Аталмыш мәселелер  бойынша  аудан орталығының  сәнін кетірген, ережені сақтамау жөнінде 137 құқық бұзушылық  фактілері анықталып, (өткен жылы 99 факт тіркелген) тиісті шешімдер қабылданған. Ал ит пен құсын ережеге сай ұстамағандарға 17 хаттама толтырылып, ескерту берілген.

Демек, үй жануарлары мен ит-құсын қарамаған жан заң бойынша жауап береді. Шыңғырлау ауданында  ескертулер мен шара қолдану арқылы  осындай келеңсіз оқиғаларға шектеу қою көзделуде.

Айсұлу Арыстанова
Шыңғырлау ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале