9.11.2016, 10:43
Оқылды: 15

Келелі кеңестің берері көп

Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында «Мәңгілік ел – нұрлы болашақ» тақырыбында өткен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің ІІ форумы көптеген жұмыстардың атқарылғандығын мәлім етті.

Форумда аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, Саралжын ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Анар Оразова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Асылзада Кәрімова, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Әселхан Мұхамбетші сөз сөйледі.

Форум жұмысына арнайы қатысқан облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Сатым Шәуенов облыстық деңгейде атқарылып жатырған маңызды шаралардың бірқатарына тоқталса, аталмыш мекеменің модераторы Алуа Рахишева медиация турасында келелі ой қозғап, толыққанды түсінік берді.

  • Тәуелсіздік жылдары тұңғыш Прездентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы артып, елімізде ұлтаралық және дінаралық келісім мен төзімділіктің қазақстандық үлгісі пайда болды.

Отбасы бірлігі мен татулығы Отанымыздың қуаттылығы мен абыройын арттыра түсті.

Осыдан үш жыл бұрын барлық ауылдарда қоғамдық келісім кеңестері құрылып, кеңестер ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтып, халық пен билік арасындағы алтын көпірге айнала білді.

Аудан бойынша 1 аудандық, 8 ауылдық қоғамдық келісім кеңестері жұмыс жасайды. Кеңес мүшелері ортақ табысты баянды ету мен алтын бесік ауылымызды көркейтуде адамдар арасындағы өзара түсіністікті қалыптастыра алды. Орын алған түрлі келеңсіздіктердің, наразылықтардың алдын алуда да біркелкі жұмыстар атқарды, - дейді аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, форум жұмысын жүргізуші модератор Орынғали Ермекқалиев.

Форум жұмысына форум спикерлері, Ассамблея мүшелері, мекеме, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, аналар кеңестерінің төрайымдары, кәсіби емес медиаторлар, аудан жастары т.б. қатысып отырды.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале